Министрлер кабинетінің мүшелері президенттік бастамалардың орындалуын қамтамасыз ететін шараларды талқылай отырып, Жалпыұлттық жоспар құруға шешім қабылдады.
Премьер Асқар Мамин осыған байланысты: “Президент тапсырмаларын іске асыруды қаржыландыруды толық қамтамасыз ету қажет. Жолдауды толық және уақтылы іске асыру үшін бізде барлық қажетті ресурстар мен құралдар бар екенін атап өтемін”.
Үкімет басшысы сондай-ақ Президент тапсырмаларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол мемлекеттік органдарға 4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігіне жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын беруді міндеттеді.
“Келесі отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін Жалпыұлттық жоспардың жобасын қарап, мақұлдауымыз керек”, – деп Премьер-министр қортындылады.
Атқарушы биліктің Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жұмысы мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады: кәсіпкерлікті дамыту, салық-бюджет саясатын жетілдіру, инвестицияларды ынталандыру, теңгерімді Өңірлік даму, мемлекеттік басқаруды жетілдіру.
Сурет: primeminister.kz