Факты истории

Премьер министрлерге президенттің тапсырмаларын орындау бойынша ұсыныстар дайындауға екі күн уақыт берді

Министрлер кабинетінің мүшелері президенттік бастамалардың орындалуын қамтамасыз ететін шараларды талқылай отырып, Жалпыұлттық жоспар құруға шешім қабылдады.

Премьер Асқар Мамин осыған байланысты: «Президент тапсырмаларын іске асыруды қаржыландыруды толық қамтамасыз ету қажет. Жолдауды толық және уақтылы іске асыру үшін бізде барлық қажетті ресурстар мен құралдар бар екенін атап өтемін».

Үкімет басшысы сондай-ақ Президент тапсырмаларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін үйлесімді жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол мемлекеттік органдарға 4 қыркүйекке дейін Ұлттық экономика министрлігіне жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын беруді міндеттеді.

«Келесі отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін Жалпыұлттық жоспардың жобасын қарап, мақұлдауымыз керек», – деп Премьер-министр қортындылады.

Атқарушы биліктің Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жұмысы мынадай бағыттар бойынша жүргізілетін болады: кәсіпкерлікті дамыту, салық-бюджет саясатын жетілдіру, инвестицияларды ынталандыру, теңгерімді Өңірлік даму, мемлекеттік басқаруды жетілдіру.

Сурет: primeminister.kz

Ещё в ленте

Все новости