Украина президенті Петр Порошенко 2019 жылдың 25 қаңтарына дейін елде соғыс жағдайын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат мемлекет басшысының сайтында дүйсенбі, 26 қарашада жарияланды, деп хабарлайды lenta.ru.
“Украинаның мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету және Украинада соғыс жағдайын енгізу жөніндегі төтенше шаралар туралы Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (СНБО) 2018 жылғы 26 қарашадағы шешімін қолданысқа енгізу”, — делінген Жарлықта.
Жарлық әлі Жоғарғы Рада бекіту рәсімінен өтуі керек.
Украина Конституциясына сәйкес, соғыс жағдайын енгізу туралы ұсынысты СНБО ұсынады. Содан кейін оны ел Президенті қолдап, арнайы жарлық шығару керек. Осыдан кейін құжат Украина Парламентінде дауыс беруге шығарылады. Егер Жарлық мақұлданса, ол БАҚ-та ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Порошенко елдегі әскери жағдай халықты міндетті түрде жұмылдыруға алып келмейді деп мәлімдеді.
Украина Президентінің Жарлығы Керчен бұғазындағы оқиғамен байланысты. 25 қарашада ФСБ басқармасының шекарашылары Қырымның аумақтық суларына кірген және тоқтау талабын елемей, қауіпті маневрлер жасай бастаған елдің ӘТК-нің үш кемесін ұстады.
Ресейде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту туралы қылмыстық іс қозғалды. Сыртқы істер министрлігі украиндық әскери арандатушылықтың іс-әрекетін атап өтті, оның мақсаты көктемге белгіленген президенттік сайлау аясындағы ішкі саяси проблемалардан халықты алаңдату болып табылады. Мәскеу сондай-ақ ЕО мен АҚШ-тың оқиғаға қатысы бар деп санайды.