Петропавлда жарылыс болып, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды sputnik.kz.
“20 сәуірде сағат 9: 7-де Петропавлдың жұмыс кентінде газ жабдығын (көлемі 25 литр газды тұрмыстық баллонды) дұрыс пайдаланбағандықтан жалын тарсылы орын алып, уақытша жайдың қабырғалары мен шатыры бұзылды “, – деп хабарлады ТЖД-де.
55 жастағы үй иесі екі қолы, табаны, беті екінші-үшінші дәрежелі термикалық күйіктермен 3-ші қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды.
Сурет: almaty.tv