“Игілікті көршілік” акциясы аясында елімізге тағы да Ресей Федерациясынан ізгілікті көмек келді. Бұл жолы Павлодар облысының қоғамдық ұйымдары гуманитарлық жүк алды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” ақпарат ресурсы.
Гуманитарлық көмекті Қазақстанға “Орал-Еуразия” сарапшылар клубы жіберді. Оны “Павлодар облысының Азаматтық Альянсы” қауымдастығының өкілдері алды.
Гуманитарлық жүк тонометрлер, термометрлер, дезинфекторлар, ингаляторлар және жеке қорғаныс құралдарынан тұрады. “Орал-Еуразия” сараптамалық клубының директоры Константин Погорельскийдің айтуынша, көмек құрамы Қазақстаннан келген қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге құрылған.
“Павлодар облысының Азаматтық Альянсы” қауымдастығының басшысы Светлана Могилюк, өз кезегінде, Ресейден келген ізгілік көмек жақын арада павлодарлық қоғамдық ұйымдарына бөлінетінін хабарлады.
Сонымен бірге, “Игілікті көршілік” акциясын ресейлік қоғамдық ұйымдар коронавирустық инфекциямен күресудің қиын кезеңінде біздің мемлекетіміздің азаматтарына көмектесу үшін ұйымдастырды.
Бұған дейін осы акция аясында гуманитарлық көмек Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл, Атырау, Орал, Алматы және Шымкентке жеткізілді.
Сурет: vestikavkaza.ru