Павлодар облысы пробация қызметінің инспекторлары карантин режимі кезінде жұмысынан айырылған сотталғандарға 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтінім ресімдеуге көмек көрсетті. Бұл туралы Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз бөлімінің басшысы Гүлжан Әбдуғалиева мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейтіндер, шартты түрде сотталғандар, шектеу шаралары кезінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар аз емес. Бұл ретте оларға әлеуметтік төлемдер алуға өтінішті өз бетінше ресімдеу қиын, себебі олардың көпшілігінде смартфондар және интернетке қолжетімділік жоқ. Мұндай жағдайда олар пробация қызметіне келіп, инспекторлармен бірге онлайн-режимде өтінімді рәсімдейді.
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын өтеуші адамдардың арасында түрлі мамандықтағы адамдар бар. Мысалы, Алексей есімді Павлодар қаласының тұрғыны жүргізуші болып жұмыс істеді, алайда карантин режимі кезінде жұмыссыз қалды. Қалалық пробация қызметінің қызметкерлері ер адамға 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік төлем алуға өтініш ресімдеуге көмектесті.
Әлеуметтік көмек қажет ететіндердің қатарында даяшы, мерекелік агенттіктің жүргізушісі, сұлулық салонының қызметкері және т. б. бар.
“Қазір Павлодар облысы пробация қызметінің инспекторлары 42 500 теңге төлеуге өтініш ресімдеуге көмектескен”, – деп департаментте атап өтті.
Сурет: ru.sputniknews.kz