Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Парламенттік сайлау алыс емес: қазақстандықтар «тосынсый» күтуі керек пе?

5 года назад
Парламентские выборы не за горами: ждать ли казахстанцам «сюрпризов»?

Жақын арада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске сайлау өткізу күнін жариялайды. Конституцияға сәйкес, ол 24 қазаннан кешіктірмей айтуы керек. Посткеңестік кеңістікте болып жатқан қазіргі жағдайларға қарап, қазақстандықтарды да алдағы парламенттік сайлауда «тосын сый» күтіп тұр ма, деген сұрақ туындайды.

Посткеңестік елдер қазір қиын кезеңді басынан өткеруде: Қырғызстандағы мемлекеттік төңкеріс, Беларусьтағы жаппай митингілер, Таулы Қарабақтағы Әзірбайжан мен Армениядағы әскери қақтығыс. Осы оқиғалар Қазақстан Мәжілісіне сайлау қалағанымыздай тыныш өтпер мен деген ойға жетелейді.

Иә, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйе қиындықтар болса да, ішкі элита бөліністерінің тізбегінен аман өтіп, түрлі-түсті төңкерістерге жол бермеді. Бірақ мәселе мынада, адамдар өздігінен көшеге шықпайды — оны шығаратындар көшеден шыққандар емес. Мәселен, Беларуссияда жағдайды шайқауға Литва мен Польшаның үйлестірушілері басты рөл атқарды. Александр Лукашенконың әкімшілігі президенттік сайлаудың нәтижелерін асыра сілтеген сияқты, бірақ батыс елдері президентті жариялауға құқылы ма?

Светлана Тихановскаяның көрші мемлекетте президенттік куәлік алғаны — тек саяси агрессия дәлелі ғана емес, президенттік сайлауға наразылық білдіруден басқа амал таппаған Еуропаның әлсіздігіне дәлел.

Беларусьті қоя тұрып, тікелей Қазақстанға көшейік. Менің ойымша, Батыс елдері қаржыландыратын үкіметтік емес ұйымдар нақты қауіп төндіреді. Мұндай ҮЕҰ қызметі Батыстың ықпалын ілгерілету және республикадағы жағдайды тұрақсыздандыру болып табылатыны ешкімге құпия емес. Сондықтан, егер Қазақстанда сайлаудан кейін дау басталса, онда ҮЕҰ, қалай да болсын, өзінің бар күшін оның ауқымын кеңейтуге бағыттайды.

Мен назар аударғым келген тағы бір маңызды мәселе — қазіргі Президенттің ұстанымы. Ол билік партиясының мүшесі, бірақ Nur Otan оған тиесілі емес. Сайлау жүйеі толығымен Тоқаевтың қолында, сондықтан оған сайлау адал болуы керек деп айту ғана емес, әкімдерге нәтижені шығарганда бұрынғы құлшыныстың қажет еместігін, яғни парламенттік сайлаудың салдары бақылаудан шығуы мүмкін екенін түсіндіру керек.

Жалпы, бізде Беларуссиядағы сияқты ұзақ наразылық және Қырғызстандағыдай нәтижелердің тез өзгеруі күтпейміз. Алайда, осы екі сценарийдің ортасында кешіктіріліп, уақыт өте келетін бір нәрсені біздің республикамыз күтуде.

Алдағы парламенттің төменгі палатасына сайлау бірқалыпты және «тосын сыйларсыз» өткені жақсы болар еді, бірақ ештеңені өзгертпейтін және ештеңе шешпейтін олар кімге керек? Егер сайлаудан кейінгі жанжал басталса, жаман болады, және егер сыртқы күштерді араласып, отқа май құйса, одан да жаман болады.

Меніңше, қазақстандық сайлаудың ең осал жері — Еуразиялық интеграция бағдарламасымен белсенді шыға алатын және жалпы одақтастар болатын саяси құрылымдардың болмауы.

Мәжіліс сайлауы онлайн режимінде өтуі мүмкін деген пікірді де қозғағым келеді. Қазақстан Республикасында Nur Otan-ның тұңғыш праймеризінде ауқымды онлайн-дауыс берудің кемшіліктерін ескере отырып, алдағы сайлау қашықтық форматында өтуі екіталай деп сенімді айтуға болады.

Азаматтық және әскери қақтығыстарды зерттеу орталығының сарапшысы Сұлтанбек Агеев, арнайы «Эхо Қазақстана» үшін.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Мәжіліс сайлауы: белсенділер онлайн-дауыс беруге қарсы петиция бастады

Келесі

Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны басталды ма?

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.