Соңғы уақытта әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде індеттің жаңа толқыны таяп қалды немесе біздің республикамызға жайылды деген ақпарат пайда бола бастады. Шынымен де солай ма? Талқылап көрейік.
Қазақстанда шынайы көріністі беретін коронавирус туралы нақты статистика жоқ екенінен бастағым келеді. Бұл анықталған жағдайлардың саны әдеттегі көрсеткіштерден кейбір күндері әлдеқайда жоғары, ал кейбірде керісінше, төмен болатындығына байланысты. Біздің елімізде коронавирустық пневмониямен ауыратындар туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан қанша адам коронавируспен, қаншасы пневмониямен ауырғаны әлі күнге дейін құпия.
Дегенмен, өткен аптада Қазақстанда коронавируспен сырқаттану динамикасы өзгергені, өкінішке орай, жақсы жаққа емес екені белгілі. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтың айтуынша, тамыз айының басынан бері алғаш рет тәуліктік өсім қысқарған жоқ, өсті. Ия, шамалы болса да, 5-11 қазан аралығында инфекцияның 1896 жаңа жағдайы тіркелді, бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлай бастағанын түсіну үшін жеткілікті.
Коронавирусқа қатысты жағдайдың біртіндеп нашарлауын еліміздің қалалары мен аймақтарында карантиндік шаралардың күшейтілуі де дәлелдейді. Қазіргі уақытта карантин Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілді.
Қазақстанда індеттің дамуының үш мүмкін сценарийі бар екенін ұмытпаған жөн. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой айтқандай, бірінші және ең пессимистік сценарий бойынша осы жылдың желтоқсан айында біздің мемлекетімізде тағы да локдаун енгізілуі мүмкін. Екінші сценарий бойынша қатаң шектеулерді енгізу қаңтарда болжанады, ал үшінші жағдайда локдаунның қажеті болмауы мүмкін, бірақ бұл барлық азаматтар бетперде режимін сақтаған жағдайда ғана болады.
Бүгінгі шындыққа сүйене отырып, Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны басталды ма, жоқ па, нақты айту қиын, өйткені бұл туралы ресми ақпарат жоқ, бар білетініміз Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан “қорқыту” және өңірлерде карантиндік режим күшейтіле бастағаны туралы мысалдар.
Қалай болғанда да, елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлауда, сондықтан бізге карантиндік шаралар қажет, бірақ соншалықты қауіпті емес, әсіресе адамдардың басымы коронавируспен ауырып жазылды. Эпидемия, эпидемиямен, ал Үкімет локдаунның әлеуметтік-экономикалық салдарын ескеруі керек.
Саяси шолушы Нұрлан Фадеев, арнайы “Эхо Казахстана” үшін