Қостанай әкімінің орынбасары мен қалалық атқарушы билік органының басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz ақпарат ресурсы.
Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов егжей-тегжейлі айтты.
Оның айтуынша, Қостанай әкімінің орынбасары әкімдіктің басқа да шенеуніктерімен бірге қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар дүкен құрылысына арналған жер телімінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертті.
Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші департаментінің өкілі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеудің барлық қажетті рәсімдері жүргізілуде, осыған байланысты тергеу мүддесінде осы іске байланысты өзге де ақпарат жариялауға жатпайды
Сонымен қатар, Қайсар Баржақсынов Атыраудағы №7 емхана басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.Тергеу нұсқасына сәйкес, осы медициналық мекеменің лауазымды тұлғалары өздерінің қарамағындағылардан коронавирустық инфекциямен күрес бойынша іс-шараларға қатысқаны үшін үстеме ретінде аударылған қаражаттарын жинап алған.
Сурет: Inform.kz