Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы коронавирус жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.
Брифинг барысында Алексей Цой коронавирусты жұқтыру ошақтары Теңіздегі 36 вахталық кентте және кен орнында жұмыс істейтін 57 ұйымда тіркелгенін хабарлады.
Сонымен қатар, ол Теңіз кен орнында коронавирус ауруының 2160 жағдайы анықталғанын мәлімдеді. Барлық жұқтырған адамдар “Теңізшевройл” компаниясының қызметкерлері болып табылады.
Кен орнында жұқтырудың алғашқы жағдайы ағымдағы жылдың сәуір айында анықталды. Мамыр айында олардың саны 750-ден асты, бірақ Теңізде өндіріс тоқтатылған жоқ.
Атырау облысының басшысы Махамбет Досмұхамбетов айтқандай, маусым айында Теңізде аурудың 700-ден астам жаңа жағдайы, ал шілдеде – 400-ге жуығы анықталды.
Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6678 жағдайы ресми түрде тіркелді.
Сурет: rus.azattyg-ruhy.kz