Қазақстанның Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Засяны қабылдады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра “ҚазАқпарат” ХАА хабарлайды.
Кездесу барысында Тәжікстан Республикасы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде ұсынған басым бағыттарды орындау мәселелері, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Станислав Зась Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2021-2022 жылдарға арналған оқу-жаттығу күн тәртібін талқылады. 2021 жылы негізгі оқу-жаттығулар Тәжікстан аумағында жоспарланған. 2022 жылы “Өзара іс-қимыл”, “Іздеу”, “Эшелон” оқу-жаттығулары Қазақстанда өткізілетіні атап өтілді.
Қазақстанның Қорғаныс министрі Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің құрамын жетілдіруге қатысты пікір білдірді. Ол ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттер ҰЖДК-ны жан-жақты қамтамасыз ететін, сондай-ақ, өзін-өзі жеткілікті топ ретінде қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруы қажет екенін баса атап өтті. 2022 жыл Қазақстанның Қарулы Күштері және ҰҚШҰ үшін мерейтой жылы болады, 30 жылдық мерейтойын атап өтіледі. 15 мамыр – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл, ал 7 қазан – ұйымның 20 жылдығы.