Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу өткізді.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Nur Otan төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевқа партияны “қайта ретке келтіру” бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Сонымен қатар, Елбасына Jas Otan жастар қанатының қызметін белсендіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Бұдан басқа, Назарбаев қазақстандықтардың проблемаларын жедел реттеп,шешумен айналысатын қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы хабардар етілді.
Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің Тұңғыш Президенті партия төрағасының бірінші орынбасарына бірқатар тапсырмалар берді.