Факты истории

Қазақстандық бизнесменді алаяқтығы үшін соттайды

«Иволга-холдинг» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Василий Розинов Қостанайда ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлімі бойынша (алаяқтық) сотталатын болады. Сот отырысы осы жылдың 17 қыркүйегінде өтеді.

Бүгінгі таңда «Иволга-холдинг» экс-басшысы Василий Розинов кепілдікпен бостандықта жүр. Полиция қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, кінәсін мойындаған жағдайда, оған мүлкін тәркілеумен бірге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Еуразиялық банк «Иволга-холдинг» ЖШС банкрот деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Банк бұл компанияның тым үлкен борыштары болғандықтан,төлеуге мүмкіндігі жоқ деген дәлел келтірді.

Содан кейін, «Иволга-холдинг» ЖШС бас директор ауысты, 2018 жылы компания жойылды, ал оның орнына «Олжа Агро» ЖШС пайда болды.

Бұған дейін Василий Розинов Қазақстан Республикасының 50 аса бай кәсіпкерлері тізіміне енген.

Сурет: Kstnews.kz

Ещё в ленте

Все новости