Бүгін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушев 31 мамырда қауіпсіздік жөніндегі ресейлік-қазақстандық консультацияға қатысу үшін Қазақстан Республикасына келеді. Бұл туралы “ТАСС” ақпарат агенттігі хабарлады.
“Кезекті жоспарлы консультациялар қауіпсіздік кеңесі аппараттары мен Ресей мен Қазақстанның бірқатар министрліктері мен ведомстволарының өкілдері арасында өтеді”, – деп хабарлады Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесінде.
Айта кетейік, қауіпсіздік бойынша Ресей-Қазақстан кеңесі 2019 жылы 31 мамырда Қазақстанның елордасында Нұр-Сұлтанда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Душанбеде РФ Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевтің қатысуымен Орталық Азия елдерінің арнайы қызметтері басшыларының кеңесі өтті. Онда терроризм қаупіне қарсы тұру және Ауғанстаннан исламшыл жауынгерлері қаупіне қарсы тұру тақырыптары талқыланды.
Сурет: 24smi.org