Орталық Азиядағы Германия экономикасы өкілдігінің бас жобалау менеджері Әсел Тұрысбекова Қасым-Жомарт Тоқаевтың Берлинге сапары екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына айтарлықтай серпін беретінін айтты.
Әсел Тұрысбекова Тоқаевтың ресми сапары Германия үшін де, әлемнің басқа елдері үшін де барлық Орталық Азия өңіріндегі маңызды стратегиялық серіктес екенін еске салу үшін жақсы себеп болады деп санайды.
Оның айтуынша, неміс немесе басқа Еуропалық бизнес Орталық Азия аймағының нарығына кіргенде, ол әрдайым Қазақстанда орын теуіп, біраз уақыттан кейін ғана көрші мемлекеттердің нарығына шыққан.
Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлін ескере отырып, неміс бизнесі өкілдері Қазақстан Президентінің сапарына ерекше мән береді.