Қазақстан жинақтарды пайдаланудың сингапурлық нұсқасын қолданды. Бірақ бұл елде азаматтардың жалақысынан 38% ұсталса, біздің елде табыстың тек 10%-ы ғана. Біріншіден, зейнетақы жарналарын көбейту қажет болды, өйткені біздің зейнетақы жүйесі бастапқыда ақша жинауға бағытталған болатын. Ол ақшаны алуға мүмкіндік бермеді, сондықтан міндетті болды. Тіпті сингапурлық модель де керемет емес екенін айта аламын. Онда да жасына байланысты барлық зейнетақы жинақтарын пайдалана алмайды, соманың 9-12%-ын алу мүмкін емес.
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат беру тек әлеуметтік теңсіздікті арттырады. Шын мәнінде, бұл шешім Қазақстанның бай адамдарын одан да байытады, өйткені олардың зейнетақы жинақтары үлкен, ал елдің кедей адамдарында ол мүлдем жоқ. Бұрын халықтың бай тобында зейнетақы шоттарында үлкен сомалар болса да, олардың ақшаны алуға мүмкіндігі болмады, ал енді мүмкіндік пайда болды. Кедейлер үшін бәрі бұрынғыдай қалды. Әлеуметтік теңсіздік осылайша пайда болады.
Елден капиталдың кетуі күшейеді, өйткені байлар жинақтарын теңгемен сақтауға мүдделі емес. Менің ойымша, зейнетақы шоттарындағы ақшаның көпбі жылжымайтын мүлік сатып алуға бағытталмайды, басқарушы компанияларға жіберіледі. Содан кейін ақшаны елден шығаруға тырысады.
Жалпы, бұл шара жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етпейді, бірақ уақытша алыпсатарлық өсу мүмкін. Көптеген салымшылар зейнетақы ақшасын жылжымайтын мүлік нарығына салмайды, өйткені бұл оларды қызықтырмайды. Олар салғысы немесе сатып алғысы келгеннің бірін зейнетақы реформасынсыз-ақ орындады. Менің ойымша, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға шамамен 100 мың адам пайдалана алады. Бастапқыда жылжымайтын мүліктің бағасы едәуір өседі, бірақ адамдар жылжымайтын мүлікті жоғары бағамен сатып ала алмайды, бұл нарықтың құлдырауына жеткізеді. Менің ойымша, бір жыл ішінде жылжымайтын мүлік бағасы қалыпқа келеді.
Шын мәнінде, біз жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дағдарысы мен сутсіздігін байқап отырмыз, өйткені азаматтар жоғары инфляция мен ұлттық валютаның құнсыздануын біле тұра, өздерінің барлық жинақтарын алуға тырысатын болады. Бұл жағдайда тек байлар ғана ұтады. Нәтижесінде көптеген азаматтар еңбек қызметінің соңында ең төмннгі зейнетақымен қамтылуы мүмкін.
Мақсат Нұрғалиев, саясаттанушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін.
Сурет: m.ustinka.kz