Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне «Қазақстан» жаңа павильонының ашылуына қатысатынын айтты.
«Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде,ол ВДНХ-да павильонын ашады.Ол бірегей заманауи павильон», — деді Швыдкой.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің ақпараты бойынша, салтанатты ашылу рәсімі биылғы жылдың 7 қыркүйегіне белгіленген. Осыған байланысты ВДНХ негізгі сахнасында мерекелік гала-концерт өтеді.
ВДНХ-ның бас сахнасында «Астана балет» театрының солистері өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 9-11 қыркүйек аралығында Мәскеудің екі алаңында отандық фильмдердің көрсетілімі өтеді.
Сурет: 24.kz




