Қоғамдық қайраткер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қоса атқаратын мүшесі Жәнібек Қожық елімізде зейнетке шығу шарттарын қайта қарау қажеттігін айтты.
“Халықты толғандыратын өзекті мәселелердің бірі – зейнетақы жасы. Бұл мәселені экономикалық жағынан зерделеп, қайта қарау керек. Біздің экономика дамып келеді. Жарты жылға қосудың орнына, жарты жылға азайту керек. 55-60 жасқа тоқтау керек”, – деді Жәнібек Қожық ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында.
ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Жәнібек Қожықовтың ұсынысын тыңдап, бұл мәселе мұқият зерделеуді талап ететінін мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде еңбек ресурстарының қажеттілігі бойынша талдау жүргізіп барып тиісті шаралар қабылдау керек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қазақстанда ерлер үшін зейнетақы жасы 63, ал әйелдер үшін – 59 жасты құрайды, бірақ ол біртіндеп ұлғайып келеді, 2022 жылға қарай әйелдер зейнетке 63 жаста шығады.
Сурет: 24.kz