Бүгін, 4 ақпанда Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Конституцияны ресми түсіндіру туралы өтініші бойынша іс жүргізе бастады. Мемлекет басшысы Кеңестен президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Конституция ережелернің түсініктемесін сұрайды.
“Кеңестің отырысына материалдар дайындау жұмыстары басталды, онда өтініш мәні бойынша қаралады”, – делінген Конституциялық Кеңестің сайтында.
Конституцияның тиісті тармағында: “Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген, не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің, қызметінен шеттетілгендерден басқа, Қазақстан Республикасының экс-Президенті атағы қалады”.
Заңға сәйкес, Конституциялық Кеңес Президенттің өтініші бойынша бір ай мерзімде түсініктеме беруге міндетті.
Сулет: total.kz