Бүгін еліміздің астанасында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің жаңа маусымы басталады, онда елордалық тұрғындар Қазақстан өңірлерінен түрлі өнімдер ала алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады .
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, енді жәрмеңкелер ауқымды болады. Өнімнің әр түрі үшін жеке секциялар бөлінеді. Сондай-ақ, супермаркеттегідей азық-түлік арбалары болады.
Жәрмеңкелік тауарлардың бағасы нарықтарға қарағанда төмен – тікелей өндірушілерден болады. Жәрмеңкелердің жаңа маусымын Түркістан облысы ашады. Оңтүстік өңірдің тауар өндірушілері Астанаға 250 тоннадан астам өнім әкеледі.
Жәрмеңке ұйымдастырушылары өңірлердің көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама дайындағанын айтты.