Беларусь президенті Александр Лукашенко 65 жасқа толды. Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оған құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің құттықтау жеделхатында Беларусь президентінің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мемлекеттік құрылыс және интеграцияны дамыту ісіндегі зор еңбегін атап өтті.
Сондай-ақ, Елбасы Беларусь көшбасшысына денсаулық, амандық, соншама жауапты қызметте табыс тіледі.
Сурет: 365info.kz