Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттық жұмыс стратегиясының іске асырылуы, сондай-ақ Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.
Сонымен қатар, Аида Балаева Мемлекет басшысын азаматтық қоғамды дамыту мәселелері және ел басшылығының осы саладағы тапсырмаларын орындауға бағытталған практикалық шаралар жөнінде хабардар етті.
Кездесу соңында Президент министрліктің алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.
Сурет: zakon.kz