Экология министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев азаматтармен өткізген онлайн-кездесуде, бір апта бұрын тағайындалған Ресейдің жаңа Экология министрі Александр Козловпен телефон арқылы сөйлескенін айтты, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” жаңалықтар ресурсы.
Мырзағалиевтің айтуынша, телефон арқылы сөйлесу барысында ол ресейлік әріптесімен Жайық өзенінің проблемаларын талқылап, жақын арада осы мәселені егжей-тегжейлі қарап, оны шешу жолдарын табу үшін кездесуге келіскен.
Жайық өзені біздің еліміздің және Ресей Федерациясының аумағы арқылы ағып, Каспий теңізіне құяды. Ол Еуропадағы ұзындығы бойынша, Еділ мен Дунайдан кейінгі, үшінші өзен. Оның ұзындығы – 2428 шақырым, ал су жиналатын алабы – 231 мың шаршы метр.
Өзеннің басты проблемасы – су деңгейінің төмендеуі. Салыстырсақ, егер Оралдағы орташа көпжылдық су көлемі жылына 9,46 миллиард текше метрді құраса, 2006 жылдан бастап бұл көрсеткіш 5,7 миллиард текше метрге дейін төмендеді.
Мағзұм Мырзағалиев Оралдың таяздануына байланысты проблемамен біздің еліміздің Экология министрлігінің мамандары үздіксіз жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сурет: inform.kz