Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Саясат

Мамин азық-түлік бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

5 года назад
Мамин азық-түлік бағасының тұрақтылығын қатаң бақылауды тапсырды

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп zakon.kz primeminister.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Баға мониторингі және ден қою шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, азық – түлікпен қамтамасыз ету жөнінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

2020 жылы Үкімет пен әкімдіктер өнімді өндіруді, сақтауды және барлық өңірлерге жеткізуді қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағалар белгіленді, бағаны ұстап тұру міндеттемесімен «айналым схемасы» арқылы сауда желілеріне жеңілдікті қарыз алу практикасы кеңейтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.

Қабылданған шаралар әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Алайда, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап бағаның 2,6% — ға өсуі байқалады. Осыған байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Жол картасы әзірленді. Құжат монополияға қарсы және сауда шараларын қабылдауды, өндірісті ұлғайтуды және кәсіпорындарды қолдауды, сондай-ақ бірқатар заңнамалық өзгерістерді көздейді.

Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Жол картасын іске асыруға кірісуді тапсырды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне әрбір тауар позициясы бойынша баға белгілеу тізбегін егжей – тегжейлі зерделеу және нарықтың жосықсыз ірі қатысушылары арасында сөз байласуға жол бермеу үшін уақтылы монополияға қарсы шаралар қабылдау, сауда және ауыл шаруашылығы министрліктерімен, әкімдіктермен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері бойынша бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік бағасының өсуіне әсер ететін тауарлар мен шикізаттың экспорты мен импортына қатысты сауда шаралары бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Бұл ретте ұлттық тауар өткізу жүйесін құруды, оның ішінде көтерме-тарату орталықтарын құруды, сондай-ақ сауда процестерін цифрландыруды жеделдету қажет.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ішкі нарықты орта мерзімді перспективада азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі кешенді жоспар қабылдауды қамтамасыз ету, әкімдіктермен бірлесіп, оффтейк-келісімшарттар мен форвардтық сатып алу шеңберінде Азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алу мәселелерін пысықтау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде өндірушілердің қарсы міндеттемелерін белгілей отырып, субсидиялауды көрсету тапсырылды.

Премьер-министр әкімдіктерге тұрақтандыру қорларының қызметінде форвардтық сатып алу схемасын қолдануды, «айналым схемаларына» қаражат бөлуді едәуір арттыруды, импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту жөніндегі жобаларды басым тәртіппен іске асыруды қамтамасыз етуді, басым ауыл шаруашылығы дақылдарының (қарақұмық, майлы, бақша, жемшөп) егіс алаңдарын ұлғайтуды тапсырды.

Новости СМИ2
Алдыңғы

Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік қызмет туралы заңға түзетулер енгізді

Келесі

Ауғанстан АҚШ-тың Орталық Азияға қатысты агрессиясының плацдармы болып қалды

Ұсынамыз Пост

Бекшин қашықтан жұмыс режиміне көшуді ең тиімді шара деп атады
Саясат

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді/

20/05/2021 15:33

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі. Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды Қазақстанға шақырды

20/05/2021 12:33

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын форматтағы кездесуден кейін екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту,...

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты
Саясат

Bek Air апаты: Шенеуніктерге үкім шықты

12/05/2021 18:33

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім шығарды. Бұрынғы үш шенеунікке 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Қалғандары 2,5 жылдан 4 жылға...

Еліміздің Президенті бірқатар заңдарға қол қойды
Саясат

Тоқаев Жапония премьер-министрімен телефон арқылы маңызды мәселе талқылады

12/05/2021 14:30

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Ёшихидэ Суганы Жапония премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап, оның аса жауапты қызметіне толағай табыс тіледі деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Токиода өтетін...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.