Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылдық мектебінде Елбасы еңбектерін оқыту кабинеті ашылды, деп хабарлайды 24.kz
Көрнекті орында Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны, мемлекеттік наградалары, ресми кездесулері мен шалғай өңірге жұмыс сапарларынан сыр шертетін фотосуреттер ілінген. Қазақтың тұңғыш Президентінің жиырмаға жуық кітабы топтастырылған электронды кітапхана да оқушы назарына ұсынылған. QR кодты оқитын қосымшасы бар смартфон арқылы жас өрендер Елбасы Жолдауларының сілтемесін ашып, халыққа арнаған сөздерін тыңдай алады. Аталған кабинетте балалар тақырыпқа сай шығарма жазудан сайыстарға қатыспақ.
Гүлжан Асамадинова, Басқұдық ауылдық орта мектебінің директоры: – Бұл кабинет ішіндегі барлық еңбек, кітап сөрелерде тұрмайды. Керісінше, электронды түрде барлығы QR код арқылы оқушылардың пайдануына мүмкіндіктер бар.
2013 жылдың 30 тамызында осы мектеп Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ашылған болатын. Қазіргі таңда мектепте 3214 оқушы білім алуда. Оларды білім нәрімен сусындатып жатырған 266 ұстаздар қауымы бар.