Маңғыстау облысындағы мұнай кен орнында жазатайым оқиғада екі адам қаза тапты. Бұл туралы Қазтаг агенттік баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 1 мамырда орын алды. “Арыстановское” кен орнында су тасушы жүргізуші мен машинист-агрегатор мұнай ұңғымасының жанындағы жинақтаушы ыдыстың қасында тұрды. Өрт шығып,екеуі де ауыр дене күйіктерін алды.
Олар шұғыл түрде Бейне аудандық ауруханасына жеткізілді, онда зардап шеккендердің өмірі үшін барлық білікті дәрігерлер бригадасы күресті.
1989 жылы туылған ер адамның денесінің 90% күйік шалған, ол термиялық зақымданудан бірден көз жұмды.
1960 жылы туылған екінші ер адам 85% күйік алып, ауыр жағдайда болды. Оны санавиация арқылы Маңғыстау облыстық ауруханасына әкелді.
Бірақ ол есіне келместен қайтыс болды. Қазір жұмысшылардың қаза болу жағдайлары анықталуда.
Сурет: get.wallhere.com