Түскі ас кезінде балалар жұқпалы аурулар ауруханасының емделушілері палау салынған тәрелкеден үлкен тарақандарды тапты, деп хабарлайды lada.kz порталы.
Балалардың ата-аналары жағымсыз ингредиент түскі ас кезінде палауда табылғанын айтты. Жәндіктер екі табақта болды. Облыстың медициналық мекемелері үшін “Беркет-С” ЖШС тамақ дайындайды. Кәсіпорын басшысы Зарета Фаталиева айтқандай, бұл оқиға бәсекелестердің іс-әрекеттері болуы мүмкін. Әйел кінәсін мойындамайды. Технология бойынша, тамақ арнайы термостарда пісіріледі, оған жәндіктердің түсуі мүмкін емес.
Дәрігерлер де ауруханада тарақандардың болу фактісін жоққа шығарды. Олардың айтуынша, мекемеде күн сайын дезинфекция жүргізіледі. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тексеру жүргізілуде. Оң нәтиже болған жағдайда “Беркет-С”-пен шарт бұзылады.
Сурет: matritca.kz