Астанада «STOP трафик» жедел-алдын алу операциясы өткізілді. Бұл іс-шара адам саудасының алдын алуға, осындай кез келген қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастырып, оны ұстағаны үшін бір массаж салонының әкімшілерін және екі саунаны қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Полиция бөліміне ақылы қызмет көрсетумен айналысқан 30 қыз жеткізілді. Тыныштықты бұзғаны үшін төрт адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы екі азамат жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сурет: klops.ru