Ұлттық тасымалдаушы бүгін өзінің еншілес – «FlyArystan» бюджеттік авиакомпаниясын ресми түрде ұсынды. Лоукостердің өз логотипі де пайда болды. Ал басшылар билеттердің бағасы, өз ұшақтары мен алғашқы рейстері туралы айтып берді. Олар қазақстандықтардың ұшуы екі есе арзан болатындығына кепілдік береді. Жаңа команда штаты жасақталып, алғашқы рейстердің күні анықталды — бұл келесі жылдың мамыр айы.
Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...