Ұлттық тасымалдаушы бүгін өзінің еншілес – “FlyArystan” бюджеттік авиакомпаниясын ресми түрде ұсынды. Лоукостердің өз логотипі де пайда болды. Ал басшылар билеттердің бағасы, өз ұшақтары мен алғашқы рейстері туралы айтып берді. Олар қазақстандықтардың ұшуы екі есе арзан болатындығына кепілдік береді. Жаңа команда штаты жасақталып, алғашқы рейстердің күні анықталды – бұл келесі жылдың мамыр айы.