Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде халықаралық жанжалдарды реттеуге және терроризмге қарсы күреске ықпал етеді. Бұл туралы Литва Республикасы Сейм төрағасының орынбасары Ремигиюс Жемайтис, Астанада ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық парламенттік конференцияда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды “Казинформ” ХАА тілшісі.
“Қазақстан Орталық Азия елдері арасында өзінің маңызды географиялық орналасуымен, мәдениеттің әртүрлілігімен, табиғи ресурстардың байлығымен ерекшеленеді. Қазақстан-Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің мемлекеттер көптеген жылдар бойы табысты дамып келеді және достық қарым – қатынастар мен екіжақты саяси диалогқа ие”, – деді Ремигиюс Жемайтис.
Ол сондай-ақ еліміздің халықаралық бастамаларын жоғары бағалады.
“Қазақстан ЕО-ның ОА аймағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылық мәселелерін шешуде өте маңызды серіктесі. Ядролық қарудан бас тартқаннан кейін Қазақстан ОА бүкіл аймағының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде халықаралық қақтығыстарды реттеуге және лаңкестікке қарсы күреске ықпал етеді”, – Ремигиюс Жемайтис.