Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Әкімдер неге өз беделін жоғалтты және бұл неге әкелуі мүмкін?

5 года назад
Почему акимы потеряли свой авторитет и к чему это может привести?

Келесі жылдың қаңтар айының бірінші онкүндігіне Қазақстанда Мәжіліс сайлауын өткізу жоспарланды. Бұл оқиғаның қарсаңында көп нәрсе жергілікті биліктің әрекетіне байланысты.

Бұрын Қазақстан аумағында өңірлік әкім саясаттың нақты субъектісі болған. Өңір басқарған адамға байланысты, осы саланы одан әрі дамыту бойынша сараптамалық баға берілген. Сарапшыларды әкімнің билікке келгенге дейінгі өмір жолы, оның өткен өмірі, жетістіктері мен сәтсіздіктері қызықтыратын. Сарапшылар қауымдастығы бұл қасиеттерін таразылап, аймақтың дамуы мен әкімнің саяси мансабы туралы болжам жасайтын. Уақыт өте келе бұл әдіс өзекті болудан қалды.

Осылайша, аймақтар біртіндеп экономикалық субъектілігін жоғалта бастады. Егер бұрын Қазақстанда, жұмыс істейтін және мемлекеттік бюджетке көп ақша салатын мықты өңірлер көп болған болса, қазір мұнай бағасының өсуіне байланысты, әкімдер республикалық бюджетті қалыптастыруға бағытталған қызметке қызығушылық танытпайды.

Бүгінгі таңда тек екі донор-қала бар — Нұр-Сұлтан және Алматы, сондай-ақ екі донор-облыс бар — Маңғыстау және Атырау. Қалғандары бюджеттік аударымдарға байланысты дотациялық аймақтарға айналды.

Егер әкімдерді бағалау туралы айтатын болсақ, онда олар әдетте орташа және бірегей. Олардың лауазымға тағайындалуы техникалық іс-шара сияқты. Қазір жаңа әкімдердің қайдан келетіні және оларды қандай өлшемдер бойынша таңдайтыны көпшілікке түсініксіз.

Қазақстанда алты айда бір рет өңір актимдерінің рейтингі жүргізіледі. Нәтижелері бойынша мінсіз әкім ретінде бірде-бір кандидатты ерекше көрсетуге болмайды. Бұл лауазымға тағайындалған барлық адамдар орташа және қоғамға қызықсыз. Шын мәнінде облыс басшысы қазір — орта деңгейдегі шенеунік. Басқаратын аймағының аумағында ол элиталық топтың басшысы болуы немесе ешкімнің мүддесін білдірмеуі мүмкін. Мұндай құбылыстытың орын алу себебі орталықтың аймақтарды бақылауға қызығушылық танытпайтынында деген түсінік қалыптасады.

Әкімдер бүгінде техникалық персонал болып табылады. Олар тек өңір деңгейіндегі істерді шешеді. Бір жерде топтық мүдделер іске асырылуда, бір жерде олар өз жетістіктерін көрсетуге тырысады, алайда ең маңызды тетік: әкімдердің жұмысын орталық деңгейінде бағалау жұмысы тоқтады. Адамның ынтасы жойылған кезде, жұмысқа деген қызығушылығын жоғалтып, мансаптық өсуге, ештеңеге ұмтылмайды. Қазір аймақ басшыларын тағайындау өте жеңіл: олар орынбасарлардан таңдалады немесе министрлерді ауыстырады. Кейде бұл лауазымда тіпті жүзі де таныс емес адамдар пайда болады.

2010 жылдардың басына дейін, әкім салмақты лауазым болды және министрлікке өту үшін тамаша бастама болатын. Қазір ондай жағдайлар сирек кездеседі, мысалы Атырау облысының әкімі болған Нұрлан Ноғаев, Энергетика министрі деңгейіге көтерілді. Сонымен қатар, сауалнамаларға сәйкес, Ноғаев жақсы әкім, бірақ өте орташа министрлік басшысы болып табылады.

Мұндай кадрлық саясаттың түп-тамырын табу қиын, өйткені оған әр түрлі тәсілдер қолданылды. Барлық талпыныстарда кадрлық реформалар жүргізудің бастапқы мақсаты жоғалды.

Жалпы кадрлық проблемалар меритократия мен А және Б «корпустарын» қалыптастыруға негізделген аса тиімсіз тәсілді қолдану барысында пайда бола бастады. Осы кезеңде «тарту бассейні» босап қалды. Жоспар бойынша ол кеңеюі керек еді, бірақ ойдағыдай болмады. «Бассейн» таңдауға тұрарлық адамдармен толтырылмады.

Қазақстанда әкімдер корпусын құруға арнайы тәсіл қалыптастыру керек еді. Мәселе мынада, біздің еліміздің әр облыстың өз ерекшелігі бар, әр жерде әр түрлі экономикалық көрсеткіштер, халықтың өмір сүру деңгейі де әр түрлі. Әкімдер істің барысын алдын ала түсінуі керек, жұмыс барысында емес, барлық ерекшеліктерді алдын-ала білуі керек. Қазір әкімдер жұмыс барысында жағдайды ұғына бастайды, ал бұл проблемаларды шешу уақытын қысқартады.

Бастапқыдан қаржылық-олигархиялық топтармен тығыз байланыста болатын, сыбайлас жемқорлық жоспарларға қатысушы адамдар бар. Мұндай адамдар билікке келетін жағдайлар жиі бола бермейді, бірақ бар.

Кадр саясатыны ңосындай жағымсыз салдары, реформалардың аяқталмауы, шенеуніктердің теріс таңдауы тұтастай алғанда аймақтар мен мемлекеттік аппаратты басқаруды біртіндеп жойып жібереді. Қазақстанның орталықтандырылған мемлекет екенін ескере отырып, бұл дағдарыс бүкіл жүйе үшін қауіпті болуы мүмкін. Ақыр соңында, көршілес Қырғызстандағыдай, жергілікті билік пен меншікті қайта бөлуді қалайтын аймақтық топтар мен мүддесі бір топтар біртіндеп басым болуы мүмкін.

Жанболат Шолпанов, саясаттанушы, арнайы «Эхо Казахстана» үшін.
Сурет: ik.arhano.ru

Новости СМИ2
Алдыңғы

Қытайлық концлагерьді ғарыштан суретке түсірді (ФОТО)

Келесі

Қазақстан Өзбекстанға аэроғарыш саласын дамытуға көмектеседі

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.