InnoWeek-2020 халықаралық инновациялық және инвестициялық форумы барысында практикалық семинар өтті. Онда Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан өкілдері жаһандық инновациялық индексті қарастырды, сондай-ақ аэроғарыш өнеркәсібін дамыту рейтингінде өзбекстандық позицияларды одан әрі нығайту бойынша ұсынымдар әзірледі. Бұл туралы nuz.uz жаңалықтар ресурсы хабарлайды.
Іс-шараға еліміздің цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Азамат Батырхожа қатысты.
Өзбекстан өкілдері Батырхожамен келіссөздер барысында Қазақстанның көрші республикаға стартаптар, аэроғарыш өнеркәсібі және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты салалардағы инновацияларды дамытуға көмек көрсету перспективаларын талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан өкілдерімен бірге Өзбекстан тарапының жастар кәсіпкерлігі, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтер желісі бойынша инновациялық жұмысты дамыту жөніндегі қызмет жоспарын әзірлеу туралы келісімге келді.
Сурет: nuz.uz