2018 жылдың алты айында 360 көлік қолды бопты. Әсіресе, Алматыда 136 көліктің иесі жер сипап қалды. Ал сол ұрлықтың кең етек жаюының себебін заң мен ережелердің шикілігінен іздеу керек. Өйткені, қазір көлікті тіркеу тіпті оңай. Бұрынғыдай шанақ нөмірін ешкім тексермейді. Міне, осы жеңілдікті пайдаланған ұрылар жалған құжат арқылы өзгенің «темір тұлпарын» мініп кете береді.