Қазақстан Парламентінде биылғы жылдың мамыр айында, этникалық қазақтарға Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тәртіппен беруді көздейтін, заң жобасы қаралатын болады.
Көрсетілген тұжырымдамада Қазақстан Республикасына келген этникалық репатрианттар үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде оралман мәртебесі жоқ немесе мәртебесі тоқтатылған этникалық қазақтарға, Қазақстанда тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру көзделген. Жоғарыда аталған заң жобасын 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу жоспарлануда”, – деді Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев.
Сулет: kp. kz