Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты санитарлық бекеттер қайта қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ел аймақтарында санитарлық бекеттер тағы да қойылады», — делінген сенбі күнгі хабарламада.
Коронавирустың таралуы бойынша Ақтөбе облысының Ойыл ауданы «қызыл аймаққа» кірді.
«Аудан орталығына келетін немесе кететін барлық адамдар дене қызуын өлшейді, деректер жазады. COVID-19 белгілері бар адамдар ПТР тестілеу үшін екі күнге карантиндік стационарға оқшауланады. Нәтиже оң болған жағдайда, олар жұқпалы ауру ауруханасына жіберіледі. Ойын-сауық мекемелеріне жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Банктер, ХҚКО және «Қазпошта» бөлімшелері сағат 18.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетеді», — делінген хабарламада.




