Нұр-сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы “ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп “ҚазАқпарат”ХАА хабарлайды.
“Бізде қала бойынша бағаны тұрақтандырудың екі тетігі іске асырылуда: біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру, екіншісі – айналым тетігі бойынша жұмыс. Тұрақтандыру қоры бойынша ұн, күріш, қант сатып алынды. Бірақ биыл барлық көлемнен қант қалды, ол іс жүзінде жүзеге асырылды”, — деді Гүлмира Ермолдина Нұр-Сұлтанда өткен брифингте. Оның айтуынша, әкімдік екінші механизмге көп көңіл бөледі. “Бұл сауда желілеріне жеңілдетілген несие беру. Себебі бізде өндірушілердің басым бөлігі өңірлерде орналасқан, сондықтан біз халықтың неғұрлым кең топтарын бағалар бойынша осы жеңілдікті кредиттеумен қамту үшін сауда желісіне басты назар аударамыз”, — деп қорытындылады спикер.