30 сәуірде елорда әкімдігінің отырысы өтті, деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің ресми сайты.
Отырыста қала әкімі Бақыт Сұлтанов қаланың шет аймақтары және қала маңы жағдайына наразылық айтты. Әкімнің айтуынша, олардың жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілмеген, сонымен қатар наразылық жолдар мен көшелерді жарықтандыруға да қатысты болды.
Қала басшысы аудан әкімдеріне 27 мамырға дейін қабылданған қалалық тұжырымдамаға сәйкес атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, аудандардың шет аймақтары бойынша тұжырымдама жасауды тапсырды. Сұлтанов күн сайын қала маңынан қалаға 60000-ға жуық тұрғын келетінін атап өтті.
Қала маңында жұмыс орындарын, орта және арнаулы орта білім алу үшін жағдай жасау, бос уақытты өткізу орындар құру қажет. Қала маңы кенттерң астаналық мәртебеге сәйкес келуі тиіс.
Сондай-ақ, әкім аудан басшыларына 1 маусымға дейін қала маңындағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етуді, Ақмола және Қарағанды облыстарының қатысуымен жұмыс топтарын құруды, жол картасын әзірлеуді және кенттерді бірлесіп дамытуды тапсырды.
Отырыста қаралған тағы бір өзекті мәселе – елорда аулаларының қауіпсіздігі.
Аулалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты жауапты оператор жоқ. Аудандық әкімдіктер қалалық ортаның сапасы мен бақылау басқармасына, ПИК, полицияға және қалалық әкімдікке сілтеме жасайды.
Сурет: dixinews.kz