Сәрсенбі, 21 қарашада Қазақстан Президенті “есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерін, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын, беру тәртібі туралы, хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады, Акордаға сілтеме жасай отырып.
Бұдан басқа, “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл крест Комитеті арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы”Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
Мемлекет басшысы қол қойған үшінші құжат – “Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы “Түймазы – Омбы – Новосибирск-2” және “Омбы – Павлодар”магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы.