Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Елбасы Ғабит Байжановты «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры етіп тағайындағанын хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды», — делінген Ақорда сайтында.
Ғабит Байжанов бұған дейін Президент Көмекшісі – 2018 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымында болды. Бұған дейін ол сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарды.
«Сырбар» қызметі тікелей Президентке бағынады. Барлаумен, талдаумен және ұлттық қауіпсіздікпен айналысады.
Сулет: tengrinews.kz