Факты истории

Экс-премьер Сағынтаев мемлекеттік хатшы болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаевты Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындау туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Президент сайтында орналастырылған Жарлық мәтінінде: «Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», — делінген.

Сондай-ақ, Сағынтаев Президенттің қызы Дариға Назарбаевамен және басқалармен бірге «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамына кірді.

Сағынтаев бұрын премьер-министр қызметін атқарды. Жақында Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді.

Бұрын мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова болған,қазір ол вице-премьер қызметін атқарады.

Сурет: primeminister.kz

Ещё в ленте

Все новости