Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың баспасөз мәслихаты өтті, оның барысында қашықтықтан жұмыс форматына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды “ҚазТАГ” ақпарат ресурсы.
Журналистермен кездесу кезінде министр қашықтықтан жұмыс форматы жалақы мөлшеріне еш әсер етпейтінін мәлімдеді.
“Бұл барлығына қатысты. Мемлекеттік органдарға да, жеке меншікке, жеке тұлғаларға да”, – деп толықтырды Біржан Нұрымбетов.
Қазақстандық мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова өз кезегінде қашықтық жұмыс үшін әдеттегі форматты жалақы қарастырылғанын атап өтті.
Бұған дейін еңбек министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режиміне байланысты қазақстандық кәсіпорындар қашықтықтан жұмыс форматына көшуі тиіс деп айтқан.
Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимі әрекет етеді. Ол биылғы жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында коронавирусты жұқтырудың 35 оқиғасы тіркелген, оның ішінде 18-і Нұр-Сұлтанда, 17-і Алматыда.
Сурет: ustinka.kz