Факты истории

Премьер-министр Президентке елдегі төтенше жағдайлар туралы баяндады

Мемлекет басшысы премьер-министрді, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Асқар Маминді қабылдады, деп zakon.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқаратын Премьер-Министрдің, Асқар Маминнің комиссияның жұмысы және ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету жөнінде қабылданатын шешімдер туралы ақпаратын тыңдады.

Мемкомиссия төрағасы Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізілгені, экономика субъектілерін қолдау шаралары, өңірлердің коронавирус тасығыштарының пайда болуына дайындығы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы комиссия мүшелерінің үйлесімді жұмысының, олардың өңірлер басшыларымен өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, фискалдық саясатты тиімді жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аудару керек, оның шеңберінде Үкімет пен Ұлттық Банктің келісілген іс-әрекеттері маңызды.

Сурет: zakon.kz

Ещё в ленте

Все новости