Полиция департаментінің баспасөз қызметі “Дос Мұқасан” тобының әншісі Нұр-Сұлтан әуежайында көлікте орын алған оқиғаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
“Эйр Астана” әуекомпаниясының қызметкері Нұр-Сұлтан – Алматы рейсінің жолаушысы Мұрат Құсайынов өзін агрессивті ұстағанын, сол себепті оны тасымалдаудан бас тартқанын, ал жолаушы жауап ретінде оны итеріп, бетінен соққанын айтты. Әуе компаниясы орын алғандығын оқиғаны растап, сапар барысында Құсайынов қатты дауыстап дөрекі сөйлескенін қоса айтты.
14 сәуір күні аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция желілік бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді (Бұзақылық). Тергеу амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сай өзге ақпараттар жария етілмейді
Сурет: Instagram