Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды, деп хабарлайды forbes.kz
USDKZT_TOM үшін бұл сессия негізгі болып табылады. Бүгін KASE-де USDKZT_TОD және EURUSD_TOD құралдарының сауда-саттығы 12 қараша күні АҚШ-та (ардагерлер күні) мереке күніне байланысты өткізілген жоқ. Саудаға 19 банк қатысты.
Спот-нарықтағы сауда-саттық нәтижелері бойынша:
– АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен теңгемен (USDKZT_TOM) 374,84 теңгені құрады, сауда көлемі – $ 44 550;
– Т+0 есебімен теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ;
Неге құлайды теңге және қанша уақытқа жалғасады?
– Ресей рублі бойынша Т+0 есебімен теңгемен мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ;
– Қытай юанінің орташа бағамы T+0 есебімен теңгемен (CNYKZT_TOD) юань үшін 53,9205 теңгені (+0,2435 теңге), сауда көлемі – 1 100 мың юань (+100 мың юань) құрады.
Валюталық своп операциялары нарығында:
– CNYKZT_0_001 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ;
– CNYKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар кезде KASE сауда жүйесінде баға белгіленімі болған жоқ.
Осы хабарламадағы барлық трендтер алдыңғы жұмыс күнінің тиісті құралының соңғы мәніне қатысты көрсетілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда құрал бойынша мәмілелер жасалмаса немесе оның сауда-саттығы өткізілмеген болса, тренд көрсетілмейді.