Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге елде COVID-19 ауруының сенімді көрінісін анықтау бойынша статистикалық зерттеу жүргізу жобасын іске асырып жатқанын хабарлады.
Бұл жұмыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүргізілуде, деп Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
“Халықтың иммундық мәртебесін белгілеуді және эпидемияға қарсы теңдестірілген шараларды, оның ішінде оқушыларды оқытудың оңтайлы режимін енгізуді қоса алғанда, COVID-19 ауруының сенімді көрінісін анықтау бойынша статистикалық зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін Министрлік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының филиалы базасында ДСМ пен ДДҰ арасындағы Келісім шеңберінде жобаны іске асыруда. Алдағы уақытта зерттеу нәтижелері негізінде статистикалық деректерді тіркеу жүргізіледі”, — деді Цой.
Ол сондай-ақ вакцинацияланған қазақстандықтар туралы деректер денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізілетінін атап өтті.
Сурет: zakon.kz