ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық бұйымдар шығарумен айналысатын Dolce ЖШС қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорнында болды.Бұл туралы zakon.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Кәсіпорында Біртановқа оның ағымдағы қызметі туралы, сондай-ақ өндірісті жаңғырту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.
Кәсіпорынды тексергеннен кейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрі видеоконференцбайланыс арқылы республиканың фармацевтикалық компаниялары мен денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен жиналыс өткізді.
Бейнеконференция барысында қатысушылардың назарын медицина қызметкерлері мен азаматтарды барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мәселелеріне аударды.
Елжан Біртанов халықты және медицина қызметкерлерін жеке қорғану құралдарымен, әсіресе бетперделермен қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ресми түрде COVID-19 жұқтырудың 7919 жағдайы тіркелді, олардың ең көп саны Алматыда – 2067 жағдай анықталды.