Біздің республика Өзбекстанмен бірге заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізетін болады. Тиісті келісім күшіне енді. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Сөз Қазақстан мен Өзбекстанның заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі үкіметаралық келісімі туралы болып отыр. Құжатқа өткен жылдың сәуір айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына ресми сапары аясында қол қойылды.
Құжатқа сәйкес, біздің еліміз бен Өзбекстан екі республика аумағында заңсыз жүрген тұлғаларды анықтаумен бірге айналысатын болады.
Сондай-ақ күшіне енген еелісім шеңберінде елдер заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасып, бейінді ведомстволардың қызметкерлерін даярлаумен айналысады.
Сонымен қатар, келісім Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуін қарастырады.
Өзбекстан сыртқы саясат ведомствосының өкілдері осы келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мүдделі тараптың көмек көрсету туралы сұрау салулары негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.
Сурет: topmigrant.ru