Эхо Қазақстан
  • Главная
  • Политика
  • Экономика
  • Общество
    • Коррупция
    • Криминал
    • Культура
    • Медицина
    • Образование
    • Религия
    • Спорт
    • Факты истории
  • В мире
    • Содружество
    • Украина
  • Аналитика
No Result
View All Result
Эхо Қазақстан
No Result
View All Result
Басты Тарих фактілері

Дәурен Абаев Қазақстан мен Ресей жастары туралы өз пікірін білдірді

6 года назад
Даурен Абаев выразил свое мнение о молодежи Казахстана и России

Бүгін Қазақстан-Ресей жастар форумы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекет жастарымен жұмыс істеудің бұрынғы әдістері ескіргенін мәлімдеді және жастарды әлеуметтендірудің барлық институттарының жұмысын өзгертуге шақырды. Айта кетейік, Қазақстан-Ресей жастарының форумы 20-21 мамыр аралығында Қостанайда өтіп жатыр.Бұл туралы «Спутник»ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Маған:Жастар жылының міндеті қандай?, Ол аяқталғаннан кейін не болады?, Мемлекет жастар саясатына ерекше көңіл бөлуден бас тартады ма? — деген сұрақтарды жиі қояды Шын мәнінде, мемлекет біздің Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап жастарға ерекше көңіл бөлуде. Тіпті ел үшін ең қиын уақыттың өзінде, 90-шы жылдардың бірінші жартысында, жалақыны қиындықпен берген кезде, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын іске қосты», – деді Дәурен Абаев.

Абаев Жастар жылының басты мақсаты — жастар саясатының тәсілдері мен қағидаларын жаңа шындыққа негіздеп өзгерту екенін атап өтті.

«Ұрпақтар арасындағы алшақтық қазіргідей ешқашан болған емес. Ол күнделікті әдеттерге, өмір салтына, жаңа технологияларды пайдалануға ғана емес, ең алдымен құндылықтарға, өмірлік басымдықтарға, қоршаған ортаға, отбасы қарым-қатынасына қатысты. Біз жастар қатпарланған параметрлерлі біртекті масса емес екенін жақсы түсінеміз. Сіздер бей-жай емессіздер,мейірімді іспен айналысасыздар. Сарапшылардың пікірінше, сіздерді шындықты іздеушілердің ұрпағы деп атауға болады», — деді Абаев.

Сөз соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Жастар Жылы аясындағы бағдарламалар мен іс-шаралар жас азаматтардың 70%-ға жуығын қамтуға тиіс екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы жастар саны төрт миллионға жуық.

«Мемлекеттің жастармен жұмыс жасаудың бұрынғы әдістері мен құралдары ескірген. Біз мұны түсінеміз. Жастар жылы соның ішінде жас азаматтарды әлеуметтендірудің барлық институттары қызметінің принциптерін өзгертуге және жақсартуға бағытталған», – деп қортындылады Абаев.

Сурет: nur. kz

Новости СМИ2
Алдыңғы

Тоқаев БҰҰ бас хатшысының көмекшісімен кездесті

Келесі

Назарбаев Шигео Катсуды қабылдады

Ұсынамыз Пост

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды
Тарих фактілері

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен екі туристің мәйіті табылды

29/05/2021 17:43

Қазіргі кезде аталған факті бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары барысында 29 мамырда сағат 00:30-да Өгем өзенінен екі адамның мәйіті табылды. Марқұмның бірі тауда жоғалып кеткен туристер тобының мүшесі, 1999 жылы туған азамат...

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды
Тарих фактілері

Ақтөбе тұрғындары таң атысымен әкімдік алдына жиналды

29/05/2021 15:12

Шенеуніктер ауыл арасында көгілдір отын құбырын жүргізу үшін тендер жариялағанымен, кейін оны тоқтатып тастаған.   Ақтөбе іргесіндегі Жаңақоныс-4 ауылының тұрғындары жаңадан салынған үйлеріне кіре алмай отыр. Өйткені елдімекенде ішер судан бастап, газ құбыры да жоқ. Ал шенеуніктер болса коммуникация жүйесін...

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды
Тарих фактілері

Қорғаныс министрлігінің белді офицері ұсталды

29/05/2021 10:18

Ведомство өкілдері полковник Асылбек Сатыбалдиновті жақсы жағынан сипаттап, мақтаулы мамандардың бірі ретінде атады. Қорғаныс министрлігіндегі қару-жарақ және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов ұсталды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады. "2021 жылы 28 мамырда құқық қорғау...

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді
Тарих фактілері

Алматыда заңсыз ойын терминалдары желісін құрған төрт топтың жолы кесілді

28/05/2021 18:41

2019 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз ойын орындарын жою бойынша рейдтік іс-шаралар барысында қаланың әртүрлі аудандарында ойын терминалдары заңсыз жұмыс істейтін 712 сауда орнын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz. Заңсыз ойын мекемелерін ұйымдастырғаны үшін 80 адам сотталды, 94...

2

В тренде

    3
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
    • В мире
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.

    No Result
    View All Result
    • Главная
    • Политика
    • Экономика
    • Общество
      • Коррупция
      • Криминал
      • Культура
      • Медицина
      • Образование
      • Религия
      • Спорт
      • Факты истории
    • В мире
      • Содружество
      • Украина
    • Аналитика

    © 2025 Ehonews.kz. Все права защищены. Материалы, опубликованные на сайте Ehonews.kz, являются объектами авторского права. Любое полное или частичное воспроизведение, копирование, распространение, публикация или иное использование текстов, фото-, видео- и графических материалов без письменного разрешения редакции запрещено.