ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаевтың айтуынша, Қазақстанда келісімшарттық қызметкерлер институтын енгізгісі келеді, деп zakon.kz “ҚазАқпарат”ХАА-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Іріктеу рәсімдерін одан әрі жетілдіру кезінде (Мемлекеттік қызметке) кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттерін, оның ішінде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, бағалауға назар аударылатын болады, – деп хабарлады ол ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл рекрутингтік процестердің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кандидаттарды проактивті іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жекелеген саяси лауазымдарға үміткерлердің құзыреттерін бағалау үшін ассесмент – орталық құру жоспарлануда, – деп толықтырды Жазықбаев.
Бұдан басқа, атап өтілгендей, келісімшарттық қызметшілер институты енгізіледі – бұл мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар кәсіпқойларды тартуға мүмкіндік береді.